Бүгін, 2025 жылғы 29 мамырда білім беру ұйымдарының желісін дамыту жөніндегі жол картасын орындау мақсатында білім ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативіне сәйкес келмейтін мектептерді сәйкес келтіру барысында білім беру ұйымдары араланды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 мамырдағы №185 бұйрығына қосымша Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік Қазақстан Республикасының Конституциясымен және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңымен кепілдік берілген азаматтардың тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу құқығын қамтамасыз ету мақсатында айқындалған.
Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жалпы саны әрбір ауылдық елді мекенде:
1) мектепалды жасындағы адамдардың саны 5 және одан көп болғанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының жұмыс істеуіне кепілдік беріледі;
2) кіші мектеп жасындағы адамдардың саны 5 және одан көп болғанда, бастауыш білім беретін мемлекеттік оқу орнының жұмыс істеуіне кепілдік беріледі;
3) кіші және орта мектеп жасындағы адамдардың саны 41 және одан көп болғанда, негізгі орта білім беретін мемлекеттік оқу орнының жұмыс істеуіне кепілдік беріледі;
4) кіші, орта және жоғары мектеп жасындағы адамдардың саны 81 және одан көп болғанда, жалпы орта білім беретін мемлекеттік оқу орнының жұмыс істеуіне кепілдік беріледі.
Осы 3 жыл ішінде «Жангелдин ауданы білім бөлімінің Тентексай бастауыш мектебі» КММ, «Жангелдин ауданы білім бөлімінің Тоқанай бастауыш мектебі» КММ, «Жангелдин ауданы білім бөлімінің Жангелдин ауданы білім бөлімінің Түйемойнақ бастауыш мектебі» КММ таратылды.
Нормативке сәйкес келмей отырған Тәуіш ауылында орналасқан «Жангелдин ауданы білім бөлімінің Тәуіш бастауыш мектебі» КММ педагогтары мен ауыл тұрғындарымен жұмысшы тобы құрамындағы мүшелері, олар аудан әкімінің орынбасары Еренбол Кайырбекович Алматов, Білім бөлімінің басшысы Абай Қасымұлы Қасым, Білім бөлімінің сектор меңгерушісі Алуа Турсынгалиевна Раисова кездесті.
Кездесу барысында мектептің жағдайы мен бала санының жеткіліксіздігі айтылды. Ауылда жас отбасылар жоқ, жастарға ауылда жұмыс орны да жоқ. 0-7 жас аралығында бала саны-2. Ауыл тұрғындары Тәуіш ауылында орналасқан «Қаратүбек жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушыларды қатынатып оқуына жол қатынасы қиындық туғызатынын айтты. Бала өсімі ауылда жоқ. Келесі оқу жылында «Тәуіш бастауыш мектебі» КММ оқушы саны 2 баланы құрайды. Мектепті жабуға шешім қабылданды.
https://dzhangeldi-bb.edu.kz/t-gy/zh-l-rt-sy/9591-zhol-kartasy.html#sigFreeId3ecba86137