Қаржының игерілуі
«Жангелдин ауданының білім беру бөлімі» ММ-нің бюджеттік бағдарламаларын қаржыландырудың жеке жоспары бойынша 2019 жылға 1 млрд 739 млн 110 мың 400 теңге жоспарланып, оның ішінде республикалық бюджеттен 265 млн 262 мың теңге, жергілікті бюджеттен 1 млрд 473 млн 848мың 400 теңге бөлініп отыр.
Өткен 4 айда 572 млн 940,4 мың теңге жоспарланып, 100 % игерілді. Оның ішінде мұғалімдерге жаңартылған білім мазмұны үшін 394 мұғалімге – 30400,0 мың теңге, мұғалімдердің педагогикалық шеберліктері үшін 125 мұғалімге -12463,2 мың теңге, еңбекақысы төмен қызметкерлердің жалақысын өсіру үшін 533 адамға – 24375,7 мың теңге, үш тілдік жүйеден өткен 1 мұғалімге және үш тілдікте оқып жатқан мұғалімдердің орнын ауыстырғаны үшін 4 мұғалімге - 1033,8 мың теңге республикалық трансферттен төленді.
Алдағы уақытта жаз айларында:
– Ш.Уалиханов ОМ-нің шеберханасына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін – 2000,0 теңге, оқулықтарды сатып алу және тасымалдау үшін-25976,4 мың теңге, жалпы оқыту қорынан аз қамтылған отбасы балаларына киімдер сатып алуға, сауықтыру лагерлеріне жоддамалар сатып алуға және ыстық және буфеттік тамақпен қамтамасыз етуге, облыс және аудан әкімдерінің шыршаларына қатыстыру үшін барлығы 16100,0 мың теңге
Тегін медициналық бақылаудан өткізу үшін 640 мұғалімді -1616 мың теңге;
Көкалат ауылындағы Албарбөгет ОМ – нің және Ақшығанақ ауылындағы Топаев ОМ-нің терезелерін ауыстыру жұмыстары үшін -9800,0 мың теңге,
Қызбел ауылындағы Дулатов ОМ-нің жылу қазандығын мектептен тыс жерге шығару үшін – 5157,0 мың теңге,
Ш.Уалиханов ОМ-нің спорт залының еденін ауыстыру үшін -2000,0 теңге, Албарбөгет ОМ-не, Амангелді ОМ және Топаев ОМ-не пандус орнату үшін – 1300,0 мың теңге,
Балдырған балабақшасынын алдына ойын алаңын сатып алып орнату үшін -3850,0 мың теңге жергілікті бюджеттен бөлініп отыр.
Орынд.Ж.Койбагарова