14 Желт 2024
Ашық бюджет

Қаржының игерілуі №1

Жангелдин ауданының әкімі

Ш.Оспановқа

 

Қаржының игерілуі

«Жангелдин ауданының білім беру бөлімі» ММ-нің бюджеттік бағдарламаларын қаржыландырудың жеке жоспары бойынша 2018 жылға 1 млрд 501 млн 998 мың 200 теңге жоспарланып, оның ішінде республикалық бюджеттен 88 млн 691,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 1 млрд 413 млн 307 мың 200 теңге бөлініп отыр.

10 айда барлығы 1 млрд 237 млн 507 мың 910 теңге жоспарланып , игеріліп 82,4 % орындалды. 

Атап айтқанда қызметкерлердің еңбекақысына және сауықтыру жәрдемақысына барлығы 994 млн 267 мың теңге бөлінді, салықтарға 94 млн 532,0 мың, шаруашылық тауаарлар мен кеңсе тауарларына 1700,0 мың теңге бөлініп отыр.

Мектептерге кең жолақты интернет қосуға -34 млн 556,6 мың теңге облыстық бюджеттен бөлінді.

Мектептерді қатты отынмен қамтамасыз ету үшін 5000 тонна 11197, 76 теңге ден 55 млн 988 мың 800 теңге бөлініп 100% тасылып отыр.

Қайырбеков ОМ және Қаратүбек ОМ-не жылу қазандықтары сатып алынып, Иванов ОМ нің жылу қазандықтарын ауыстыру және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 5 699,0 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілді.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ беріп жатқан 1,2,5,7 сынып мұғалімдеріне, қыркүйек айынан бастап 3,6,8 сынып мұғалімдеріне барлығы 394 адамға лауазымдық ақыдан 30 % лауазымдық ақыдан қосымша төленіп жатыр және республикалық бюджеттен 75 млн 987 мың теңге қаржы бөлінген болатын. 

2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап біліктілік талаптары бойынша мемлекеттік емтихан тапсырған 60 мұғалімге, яғни педагог-модератор 32 адам, педагог-срапшы-14 адам, педагог-зерттеуші -14 адам қосымша ақылар төленетін болады, республикалық бюджеттен 11279,0 мың теңге қаржы бөлініп отыр. 

Аудан мектеп оқушыларын тегін оқулықпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 22 млн 950,0 мың теңге қаржы бөлініп оқулықтар сатып алынды.

Қаратүбек орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттар әзірлеуге 1200,0 мың теңге бөлініп , қазіргі таңда әзірленуде.

 

Руководитель: Н.Б.Сейдахметов

Пайдалы ақпараттық ресурстар