2025 жылғы 18 маусымда Жангелдин ауданының әкімі Дінмухаммед Серікұлы Бидашев және «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Абай Қасымұлы Қасымның, ата-аналар өкілдері мен, мекеме басшылары, білім қызметкерлері қатысуымен 2024-2025 оқу жылының аяқталуына орай «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестаты иегерлерін салтанатты құттықтауы өткізілді.
Аудан әкімі Д.С.Бидашев түлектерді қуанышты күнімен құттықтап, «Алтын белгі» аттестаты иегерлеріне төсбелгілері мен Қостанай облысының әкімі Қ.І.Ақсақаловтың Құттықтау хатын салтанатты түрде табыстады.
Аудан бойынша «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестатына 5 үміткер ие болды. Олар,
- Асылханқызы Ақерке, «Жангелдин ауданы білім бөлімінің Албарбөгет
жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- Жақсылық Жанкүміс Бақытқызы, «Жангелдин ауданы білім бөлімінің
Ғафу Қайырбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- Қабден Айзере Серікқызы, «Жангелдин ауданы білім бөлімінің Шоқан
Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- Сабырова Инабат Қаламбекқызы, «Жангелдин ауданы білім бөлімінің
Ғафу Қайырбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- Сейдағали Нұрсая Мұратбекқызы, «Жангелдин ауданы білім бөлімінің
Албарбөгет жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18
наурыздағы № 125 бұйрықтың 52 тармағы негізінде және жалпы орта білім беру аяқталғаннан кейін қорытынды аттестаттаудан «5» бағасына өткен 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты беріледі делінген.
Барлық түлектерге сәттілік, заман талабына сай мамандықтарын таңдап, ары қарай жоғары оқу орнында білімдерін жалғасуына тілек білдіреміз!
https://dzhangeldi-bb.edu.kz/janaliktar-basti-oral/9597-altyn-belgi-zhalpy-orta-bilim-turaly-attestat-iegerlerin-saltanatty-marapattau-is-sharasy.html#sigFreeIdfc2868f8dc