Сіздерді, Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің адал еңбектеріңіз, қажырлы да сауатты қызметтеріңіз еліміздің болашағы үшін аса маңызды. Әрбір оқушының жүрегінде білімнің нұрын жағатын, оларға бағыт-бағдар беретін, тәрбие мен білім ұясы болып табылатын сіздердің еңбектеріңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз.
Сіздердің ерен еңбектеріңіз еліміздің өркендеуіне, жас ұрпақтың саналы әрі рухани бай тұлға болып қалыптасуына үлкен септігін тигізуде. Өмірлік жолдарыңызда тек табыс пен сәттіліктер тілейміз! Білімнің шамшырағы бола отырып, әрқашан жаңалыққа ұмтылып, білім берудегі биік белестерді бағындыра беріңіздер!
Құрметпен, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданы білім бөлімі» ММ-нің басшысы Абай Қасымұлы Қасым.