2024 жылдың 16 қазан күні Қостанай қаласында Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай дарыны өңірлік оқу – әдістемелік орталығы» КММ – нің ұйымдастыруымен облыстық кезең «Менің кіші Отаным» республикалық жас тарихшылар конкурсы өтті. Осы аталған «Менің кіші Отаным» конкурсына Жангелдин ауданының білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 3 (үш) 10 сынып оқушылары қатысты.
Серік Дильназ Ерікқызы – «Менің шағын Отанымның тарихы» номинациясы, Тойғанбол Томирис Бауыржанқызы «Менің шағын Отанымның болашағы», Ибрагим Меруерт Олжасқызы «Менің шағын Отанымнан шыққан тұлғалар» номинациялары бойынша қатысты.
Серік Дильназ Ерікқызы ІІІ орын алды. Тойғанбол Томирис пен Ибрагим Меруерт қатысқаны үшін сертификаттар мен марапатталды.
Жетекшісі: Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі КММ тарих пәні мұғалімі Сапенов Канат Марденович.