2023 жылдың 3 қараша күні өткен облыстық «Дарынды балаларға талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасына ауданнан «Ш.Уәлиханов ЖББМ» -нің физика пәні мұғалімі Ақылбекова Эльвира Айдаралықызы қатысты.
Олимпиаданың негізгі мақсаты:
-жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау;
- білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Облыстық кезеңге әр аудан бойынша 20 жас педагог қатысты.Педагогикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 20 жас педагог ішінен 9 жас педагог орындар иеленген.Соның ішінен Жангелді ауданынан қатысқан физика пәнінің мұғалімі Ақылбекова Эльвира Айдаралықызы ІІІ орын иеленіп отыр.
https://dzhangeldi-bb.edu.kz/janaliktar-basti-oral/9400-daryndy-balalar-a-talantty-staz-pedagogikaly-olimpiadasyny-oblysty-keze-i.html#sigFreeIdd9caf67868