27 Желт 2024
Жаңалықтар

Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі

2023 жылдың 3 қазан күні Қостанай қаласында президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтті.

Президенттік олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері төмендегідей:
1) орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;
2) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқутуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;
3) тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.

11 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңіне ауданнан 4 оқушы қатысты.Олар: "Ы.Алтынсарин ЖББМ" оқушылары Н.Қалабай және Б.Иманғали, "Ш.Уәлиханов ЖББМ" оқушысы Д.Ахметқали мен "Н.Г.Иванов ЖББМ " оқушысы Н.Ерік қатысты. Оқушылар 4 пәннен (математика,физика,химия,биология) сынақ тапсырды. Олимпиаданың қорытындысы белгілі болғанша,оқушыларға қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар