2023 жылдың 11 қазан күні өткен аудандық "Ыбырай оқулары" байқауы өтті. Байқауға аудан бойынша 6_7 сынып оқушыларынан 14 оқушы, 8_9 сынып оқушыларынан 12 оқушы қатысты. Байқау екі номинация бойынша сараланып, жүйріктер анықталды. Байқау қорытындысына тоқталсақ:
6_7 сынып оқушылары Ыбырай өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту номинациясы бойынша 8 оқушы І,ІІ,ІІІ дипломдармен марапатталды.
8_9 сынып оқушылары Ыбырай әңгімелерін мәнерлеп жатқа айту номинациясы бойынша 8 оқушы І,ІІ,ІІІ дипломдармен марапатталды.
6_7 сынып оқушылары арасынан Ы.Алтынсарин мектебінің 6 сынып оқушысы Алпысқызы Жайна және 8_9 сынып оқушылары арасынан Ы.Алтынсарин мектебінің 9 сынып оқушысы Ғалымжан Аружан облыстық кезеңге жолдама алды.Осы байқауға келетін оқушылар үшін Ы.Алтынсарин мектебінің оқушылары көрме ұйымдастырды. Көрмеге Ы.Алтынсарин мектебінің оқушыларының өз қолдарымен жасаған жұмыстары қойылған.