26 Желт 2024
Жаңалықтар

«Дарынды балаларға талантты-ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы

2023 жылдың 27 қыркүйек күні «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Дарынды балаларға талантты-ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы өткізілді.Олимпиадаға 5 жылға дейінгі педагогтар, психологтар және тәлімгерлер өтінім беріп, барлығы 8 қатысушы қатысты.

Олимпиаданың негізгі мақсаты:
-жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау;
- білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

Олимпиадаға:Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, Сарысу, Жангелдин,Н.Г.Иванов,Қаратүбек мектептерінің педагогтары, психологтары мен тәлімгерлері қатысты.

Олимпиада нәтижесі төмендегідей:
І орын- «Ш.Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің физика пәнінің мұғалімі Ақылбекова Эльвира Айдаралықызы иеленді.
ІІ орын- «Қаратүбек жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің информатика пәнінің мұғалімі Жаңбырбай Назерке иеленді.
ІІІ орын-«Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің математика пәнінің мұғалімі Қаби Әсел иеленіп отыр.

Пайдалы ақпараттық ресурстар