А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «АЗАТТЫҚТЫ АҢСАҒАН АЛАШ ЖОЛЫ» тақырыбында Қостанай облысы Жангелдин ауданы білім беру мекемесінің білім саласы қызметкерлерінің қорытындылау іс шарасы аудандық мәдениет үйінде жоғары деңгейде өткізілді.
Қорытынды жиынның мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық мұрасын зерделеу, алаш қайраткерлерінің қиын-қыстау кезіндегі өмірімен таныс болуға бағытталған.
Білім беру ұйымдарының педагогтары Ахмет атамыздың асқақ бейнесін көрермендерге әр қырынан көрсете білді. Қорытынды жиында әр мектеп берілген арнайы тақырыптар негінде Ахмет атаның өмірінен көрініс көрсету көзделген болатын. Ерекше дайындықпен келген Аманкелді, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, Қаратүбек, Қайдосов, Жармағанбетов, Н.Г.Иванов мектептерінің ұстаздарының шығармашылық ізденістегі жұмыстарын атап өткен жөн. Аудан мектептерінің бір топ оқушыларының Ахмет өлеңдерін жатқа айтуда көрермендердің ойынан шыққандай. Іс шара соңында Тәуелсіздік мерекесіне орай Қостанай облысы әкімі Қ.Ақсақаловтың Құрмет грамотасымен білім саласына зор үлес қосып жүрген Ш.Уәлиханов атындағы Торғай ЖББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Д.Зарыпбай және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы З.Бәйменованың Құрмет грамотасымен Қ.Қайдосов атындағы ЖББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Дәрібаева мен Қ.Топаев атындағы ЖББ мектебінің тарих пәні мұғалімі Г.Жұмабаева марапатталды. Жиын соңында Ахмет образын сомдаған мектеп педагогтарына, көрініске қатысқан мектеп ұжымдарына білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы атынан ақшалай сыйлық пен алғыс хаттар табыс етілді. Білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Жанат Карбозқызы әдіскерлерінің А.Байтұрсынұлының мерейтойына сәйкес жыл бойғы жүргізілген жоспарлы жұмыстарына жоғары баға беріп, еңбек жолдарына шығармашылық табыс тіледі.
{gallery}it8/it8/2/ruhani/15{/gallery}