22 мамыр 2019ж. «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА, Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде сазгер Болат Хамзиннің туған күніне орай дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын аудандық "Таланттарды іздейміз" ән байқауы XV рет өткізілді. Байқауға ауданымыздың 10 мектебінен 17 оқушы қатысты. Атап айтар болсақ, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, Қаратүбек, С.Мауленов, Қ.Жармағанбетов, Ғ.Қайырбеков, Қ.Топаев, А.Қоңқабаев, А.Байтұрсынов орта мектептері мен Шұбалаң негізгі мектебі. Оқушылардың дайындығы былтырғы жылмен салыстырғанда жақсы екендігі байқау барысында байқалды. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І орынды Қаратүбек орта мектебінің оқушысы Темірұлы Рамазан, ІІ орынды Ғ.Қайырбеков орта мектебінің оқушысы Ахмедя Алмат, ІІІ орынды Ы.Алтынсарин орта мектебінің оқушысы Балғалы Мерей және А.Байтұрсынов орта мектебінің оқушысы Жармедетова Көркем өзара бөлісті. Жүлдегер оқушыларды мектеп директоры Жанар Асанқанқызы арнайы мадақтамамен марапаттап, статуэткалар табыс етті. Сазгердің қызы Гүлзат Болатқызы М.Айтқожинаның сөзіне жазылған әкесінің "Орамал" әнін орындады.
26 Желт 2024
Рухани Жаңғыру
«ТАЛАНТТАРДЫ ІЗДЕЙМІЗ»
Пайдалы ақпараттық ресурстар