26 Желт 2024
Рухани Жаңғыру

«Батаменен ел көгерер» атты батаны жатқа оқу байқауы өтті

Қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани қазынасының бірі – бата сөздер. «Жаңбыр менен жер көгерер, батаменен ел көгерер», «Көп тілеуі – көл» деп ұққан қазақ халқы келер ұрпаққа бата беріп, ақ тілек, адал ниет білдіруді дәстүр тұтқан.

Осы мақсатта Н.Г.Иванов атындағы орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында оқушылар арасында аудандық «Батаменен ел көгерер» атты батаны жатқа оқу байқауы өтті. Бұл байқауға ауданның 15 мектебінен келген 97 оқушы қатысты. Соның ішінде бала-бақша, жарты мезгілдік қысқа орталықтың тәрбиенушілері ат-салысты. Батадан басқа қазақтың ырымдары, нақыл сөздері, тыйым сөздері және сахналық көріністері көрсетілді. Қорытындылай келе барлық бүлдіршіндер номинациялық мадақтамамен марапатталды.

Пайдалы ақпараттық ресурстар