01 маусым 2019ж. «Бала деген бір бақыт» атты Жангелдин ауданы, Білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен мәдени-сауықтыру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара мектеп оқушылары және басқа да білім беру бөлімдерінің шеруінен бастау алды! Шеруде оқушылар мәдени концерттік бағдарламаларын 3-4 минуттың ішінде демонстрация жасады! Шеру соңында аудан әкімі Шота Оспанов Сәбитбекұлы бүлдіршіндерді құттықтап, мереке қарсаңында жаңа өмір есігін ашқан бөбектерді құттықтап сый-сыйапат табыстады. Жалпы мерекеде еріктілер тобы бос қалған жоқ, қолдарынан келген көмекті аямай, барынша қол ұшын берді! Мерекеде Тегін лотерея таратылып-ойнатылды. Сонымен қатар тегін балмұздақ таратылды! Іс-шара соңы өнер мектебінің мерекелік концертімен аяқталды! Балалар өте жоғары, позитивті әсер алды!
https://dzhangeldi-bb.edu.kz/bolim-turaly/ruhani-jangyru21/9367-bala-degen-bir-ba-yt-atty-is-shara-tkizildi.html#sigFreeId148a310a5e