1916 жылғы Торғай ұлт-азаттық көтерілісінің қолбасшысы Амангелді Иманов бастаған сарбаздар Торғайдан шыққан патшаның жазалаушы әскерін осы «Татыр» көлінің жағасында қалың қамысқа жасырынып күтіп, әскер алаңсыз жақындап келгенде тұтқиылдан шабуылдап жазалаушы әскерді талқандап жеңген. Осы қанды шайқас «Татыр соғысы» деп көтеріліс тарихына енді. Жердің қолайлығы қалың өскен қамыс, жолдың жақын өтуі, көтерілісшілерге жақсы жағдай туғызды. Осы жол бойындағы ескерткіш кешегі 1916 жылғы ұлт - азаттық үшін қаны төгілген сарбаздар рухына арналған.
26 Желт 2024
Рухани Жаңғыру
«Өр Торғай – ерлік мекені»
Пайдалы ақпараттық ресурстар