Рухани өрлеудің алтын арқауы Отаншылдық рух туған жерге, туған елге деген махаббаттан басталады. «Туған жер» деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі адам өзінің туған жерінің төлі. Сол даланың, сол жердің, сол мекеннің меншігі. Туған жерге деген сезім мен махаббатың өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз. Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене сіңіріп, қандарына дарыту үшін, осы сөздің ұғымын кең мағынасында түсіну үшін, Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында орындалу керек міндеттердің ішіне «Туған жер» бағдарламасын ұсынды.
Тарихы терең туған жеріміз Торғайдың да өлкетану бағыты бойынша тұнып тұрған насихат екендігін мақтанышпен айта аламыз. Оқушылар арасында бұл тақырыпта жоба қорғаудың негізгі мақсаты. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұра - міндеттерінің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени өрісі озық етіп туған жердің тарихын,мәдениетін,салт дәстүрін білетіндей етіп тәрбиелеу - біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Осы бағытта Ш.Уәлиханов орта мектебінде мамыр айының 03 күні «Туған жердің мәдени ошақтары» атты 5-9 сынып оқушыларының жоба жұмыстарын қорғау байқауы өткізілді. Байқауда әр сыныптан құрылған топ мүшелері Торғай тарихында ерекше орын алатын мұражайлар мен мәдени ошақтарының тарихына үңіліп бейне таспалар түсіріп жинақ папкаларын дайындау және зерттеу жұмыстарын қорғау тапсырылды. Сонымен қатар «Қандай көркем, Туған өлкем!» тақырыбы Рухани жаңғыру бағдарламасы «Кіші Отан» бағытында дайындалған оқушылардың сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Туған жер тарихының ерекшеліктерін анықтауда тарихи факторлардың ролін аша түсуде жер тарихын,тарихи жәдігерлерді көне көз қариялардың айтқан әңгімелері барысында және ғылыми зерттеулер арқылы жоба жұмысына арқау етіп қойдық. Торғай өлкесі тарихының түп тамыры ғасырлар тереңінде жатқандықтан туған елі мен жері туралы оқушылардың білімін жетілдіріп, сол арқылы Отанын сүйген азаматтық рухта қалыптастыра білсек, біздің еңбегіміздің жемісі сол болмақ. Бұл байқаудың өткізілуін тікелей мектеп директорының тәрбие ісінің орынбасарларына міндеттелді. Байқауда оқушылардың зерделеп жинақталған жұмыстарын бағалалап қорытындылау үшін аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ж.К.Темирова, Жангелдин аудандық мұражайлар кешенінің директоры Г.К. Сарсекеева, әдістемелік кабинеттің әдіскері А.С.Кұспек және орталықтандырылған аудандық кітапхана қызметкері В.Ч.Батыровалар шақырылады. Жобалық байқауда үздік деп танылған топтың жұмыстары кітапшаға жинақталып, аудан мектептеріне таратылды.
«Жангелдин ауданының білім беру бөлімі» ММ
Әдіскер Құспек Аян Сәлімжанұлы