26 Желт 2024
Рухани Жаңғыру

Өткен өмірі өнеге

Н.Г.Иванов атындағы орта мектебінің мұғалімі Жантас Жүсіповтың бастамасымен Москва қаласында өткен бүкілодақтық суретшілер байқауының күміс жүлдегері Ерлан Айтбаевты еске алуға арналған оқушылар арасында сурет және қолөнер шеберлігі бойынша байқау өтті.

Байқаудың сырттай бөліміне қатысқан 78 оқушының жұмыстары сараланып, қорытынды кезеңде жүлдегерлер марапатталды. Қолөнер шеберлігі бойынша Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің оқушылары бас жүлдені жеңіп алды. Бірінші орын Ш.Уәлиханов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Әлішер Тұрсын, екінші орын Ғ.Қайырбеков орта мектебінің 7 сынып оқушысы Алмат Ахмедия иеленсе, жүлделі үшінші орынды Н.Иванов мектебінен Эльмира Қасқырбай, Ы.Алтынсарин мектебінен Қаламқас Қайратқызы және Сарысу негізгі мектебінің оқушысы Аязбек Сағитбек теңдей бөлісті. Ал, сурет салу өнерінде Қаратүбек орта мектебінің оқушысы Еркеназ Нұрхан бас жүлдегер атанды. Ы.Алтынсарин орта мектебінің 9 сынып оқушысы Нұрбол Қайырбек бірінші орынды иемденді. Ш.Уәлиханов орта мектебінің 5 сынып оқушысы Мағжан Айса екінші орынға табан тіреді. Қ.Жармағанбетов орта мектебінің 4 сынып оқушысы Ханшайым Батырбек, Н.Иванов орта мектебінің 4 сынып оқушысы Ақбота Бақтыбаева, Қ.Топаев орта мектебінің 9 сынып оқушысы Зұлқарнай Әбдіхалық үшінші орындарды місе тұтты.

Қорытынды кеште аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Торбаев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Наурызбай Сейдахметов, туыстарының атынан сөз алған Ислам Әмірханов, Ы.Алтынсарин мектебінің директоры Қонысбай Ражанов, Ш.Уәлиханов мектебінің директоры Ботабай Шаимов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетов тебірене сөз сөйлеп, Ерлан Айтбаев жайында әңгіме өрбітіп, атқарған жемісті еңбегі мен жеткен жетістіктерін маржандай жіпке тізіп айтты.

Ерекеңнің бауыры Нұрлан ағамыз ұйымдастырушылар алқасына ризашылығын білдірді. Әсіресе, кештің өтуіне мұрындық болып, осы бастаманы іске асырған Жантас Сейітханұлына ерекше алғысын жеткізді. Келер жылы осы дәстүр өз жалғасын тауып, аймақтық деңгейде өтетін болады.

«Жангелдин ауданының білім беру бөлімі» ММ

Пайдалы ақпараттық ресурстар