26 Желт 2024
Рухани Жаңғыру

Жангелдин ауданында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша білім саласында өткізілген іс – шаралар

1. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасының «Өлкетану»базалық жобасы бойынша оқушылар арасында «Туған жердің тарихи мекендері» атты фотоколлаж байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты туған жеріміздегі тарихи жерлер, батырлар кесенелері мен тарихи ошақтарды зерттей отырып, насихаттау, патриоттық сезімдерін ояту, туған жерді мақтан етуге шақыру. Көрмеде ел аузында аңызға айналған «Қызбел тауы», 1916 жылы Торғай ұлы-азаттық көтерілісі патшаның жазалаушы әскеріне ойсырата соққы берген жеңісіне арнап қойған «Татыр шайқасы» белгісі, қорықтың молдығымен, табиғатының ерекшелігімен танымал «Сарықопа» қорығы. 12-13 жасында батырлық көрсетіп көзге түскен, аты аңызға айналған батыр «Баймырза Теңізбайұлы» кесенесі, ұлы ағартушы А.Байтұрсынұлының музей үйі, Байтұрсыновтың әулеттерінің қорымы, Алаш партиясының мүшесі Омар Алмасов жерленген жер туралы ақпарат берілді.

2. Аудан бойынша «Мәңгілік Ел – Ұлы Дала елі» бағдарламасы бойынша да жұмыстар жасалуда. Мектептерде «Өлкенің шаруашылығы!» атты семинар тренинг, «Өлкенің мамандық иелерімен кездесу!» атты дөңгелек стол өткізілді. Кәсіпкер мамандар, түрлі мамандық иелерінің қатысуымен 9-11 сынып оқушыларына мамандақ таңдайтын оқушыларға кеңестер берілді.

«Жангелдин ауданы білім беру бөлімі» ММ әдіскері

Құспек Аян Сәлімжанұлы

Пайдалы ақпараттық ресурстар