26 Желт 2024
Рухани Жаңғыру

Жангелдин ауданында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша білім саласында өткізілген іс – шаралар

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының мақаласы - бұл жай ғана мақала емес, бұл - біздің кезеңіміздің көрінісі, болашаққа бағдар беруші бағдарлама. Болашақтың адамы қандай болуы керек екендігін және адамзаттың рухани санасын сақтау үшін не істеу керегін көрсететін бағдарлама.

Қазақ «Отан отбасынан басталады» дейді. Отанды сүюдің іргетасы алдымен туған жерге деген сүйіспеншілікпен қаланады. Сондықтан мемлекет басшысы ұсынып отырған «Туған жер» бағдарламасын көп болып қолдауымыз керек. Бағдарлама аясында барлық аудан мектептерінде іс-шаралар жоспары жасалынып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, «Білімді ұрпақ – болашағы бар ұрпақ» атты түсіндірме жұмыстары арқылы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын «Туған жер» бағдарламасының төрт бөлігінен тұратын базалық жобасы, яғни «Тәрбие және білім» бойынша келелі кеңестер берілді.

  1. Өлкетану» базалық жобасы бойынша оқушылардың өлкетану мұражайларына, мәдени – тарихи құндылықтары бар, әскери және еңбекте даңққа ие орындарға баруын ұйымдастыру бойынша оқушылардың туристік саяхаты Қарасу ауылындағы Ахмет Байтұрсынов үйі мен ескерткішінен бастау алды. Ахмет бабамыз туған үйі 2010 жылы Қарасу мен Ақкөл ауылының тұрғындарының бастамасымен салынды.
  2. Одан кейінгі саяхат Жаркөл ауылдық округі жанындағы Татыр шайқасы болған жерде жалғасты.
  3. Сондай ақ, Саға ауылындағы Міржақып Дулатовтың жіне Шеген ауылындағы Шақшақ Жәнібек белгісіне барып, тағызым жасады. Бағдарлама бойынша алдағы уақытта да іс-шаралар жоспар бойынша атқарылады. Атап айтсақ, өңірлік кітапханаларда өлкенің тарихына арналған стендтер (бұрыштар), өңірдің көрнекті тұлғаларының өмірбаянын жасақтау, барлық мектептерде мектептің тарихы, танымал түлектері туралы стендтер (ҰОС ардагерлер, жауынгерлер, еңбек ардагерлері, ғылым, мәдениет, мемлекеттік басқару қайраткерлері) ұйымдастыру және осы тақырып бойынша сабақтар өткізілді.
  4. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасының «Отаным - тағдырым» базалық жобасы бойынша «Туған жердің төл перзенттері» тақырыбында көрме өтті. Шараның мақсаты туған жерден шыққан атақты тұлғалар туралы деректер жинау, оны насихаттау. Шара аясында оқушылар өздері жинаған деректерін кітапханаға тапсырды.
  5. «Туған өлкемнің табиғаты» тақырыбында үздік фото және бейнероликтер түсіріп туып өскен Торғай аймағының тарихи және мәдени жерлеріне бейне саяхаттар жасап, бейне таспалар тапсырып, өте жақсы түсірілген бейне таспалар марапатталды.
  6. «Менің елім - менің жерім» атты Қазақстан Республикасының мәдениеті, салт - дәстүріне байланысты топтық интелектуальдық сайыс өткізілді.
  7. «Туған жер – Туған ел: білім беру жүйесі дамуының басымдығы» аудандық ғылыми – практикалық конференция өткізілді. Конференцияға барлық білім беру ұйымдарының директорлары, мұғалімдер, және аудандық БАҚ өкілдері мен білім беру бөлімінің мамандары қатысты.
  8. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасының «Саналы Азамат» базалық жобасы бойынша «Рухани жаңғыру – жас ұрпақ тәрбиелеудегі ұлттық өрлеудің ұлы күші» атты аудандық семинар өтті. Семинардың негізгі мақсаты ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы мәдени – рухани мол құндылықтарымызды қадірлеп, қастерлеуге үйрету.
  9. «Жастар–тәуелсіздік тірегі» тақырыбында аудандық жоғары сынып оқушыларының Форумы болып өтті. Форумды өткізу мақсаты жоғары сынып оқушыларының бойында елжандылық қасиеттерді сіңіру, туған елге, туған жерге сүйіспеншілікті кіші Отаннан бастау алатындығын дәріптеу.
  10. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасының «Отаным - тағдырым» базалық жобасы бойынша «Жастар – кәсіподақ қозғалысының келешегі» тақырыбында жас мамандар форумы өтті. Форумның негізгі мақсаты жас мамандардың кәсіби дамуына жағдай туғыза отырып, белсенділіктерін арттыру және жастар ұйымының жұмысына қолдау көрсету.

 

«Жангелдин ауданы білім беру бөлімі» ММ әдіскері

Құспек Аян Сәлімжанұлы

Пайдалы ақпараттық ресурстар