25 Желт 2024
Қамқоршылық кеңес

«Жангелдин ауданының білім беру бөлімі, Шұбалаң негізгі мектебі» КММ қамқоршылық кеңесінің отырысы

Хаттама №2

«Жангелдин ауданының  білім беру бөлімі, Шұбалаң негізгі мектебі» КММ қамқоршылық кеңесінің отырысы

Өтілген уақыты:12.12.2019.
Өтілген орны:қазақ тілі кабинеті

Мәжілістің басталуы:15.00
Мәжілістің аяқталуы:16.10
Мәжіліс төрайымы:Жумабаева
Қатысушылар: Қамқоршылық кеңес құрамы-9

Қатыспағандар: жоқ

Күн тәртібінде:

  1. Желтоқсан айының жоспарын талдау:

А) Тәуелсіздік күніне дайындық

Б) Жаңа Жылға дайындық

2.Бюджеттен тыс спонсорлар жарнасының  есебінен түскен қаржыны ұтымды пайдалану.

Тыңдалды:

1-мәселе бойынша Директордың тәрбие ісі орынбасары Ж. Бейсенбина:

Желтоқсан айына мектепте біршама іс-шаралар ұйымдастырылады.Ата -аналар тарапынан да Тәуелсіздік күніне және Жаңа жылға ат салысуды өтініп отырмыз.Сонымен қатар Жаңа Жылда анасыз өсіп келе жатқан Болатовтар отбасын Аяз ата мен Ашақар арқылы құттықтасақ деймін.

Мейрімділік-адамның ең асыл қасиеті.Қоршаған адамдарымызды қамқорлыққа алу әр азаматтың моралдық борышы. Елгезек адамдардың  көп  болуы  қуантарлық іс болар еді.

Сөйлеуші ҚК мүшесі Шаяхметов А:

Ол өз сөзінде барлық кеңес мүшелерін мектепке қамқор болуға және көмекке  мұқтаж балаларға көмектесуге шақырды.

Кеңес мүшелері барлығы дерлік қолдады.

Шешім:

1-мәселе бойынша хабарлама еске алынсын

Тыңдалды:

2-мәселе бойынша қамқоршылыұ кеңес мүшесі Жақып Шолпан қамқоршылық кеңесінің жұмысы туралы, бюджеттен тыс спонсорлар жарнасының есебінен түскен қаржыны ұтымды пайдалану.өзін-өзіжұмыспен қамтыған кәсіпкерлердің спонсорлық көмегі жайлы баяндады.Жаңа Жылда өзін-өзіжұмыспен қамтыған кәсіпкерлердің спонсорлық көмегі  болатынын айтып өтті.

Шешім:

Болашақта да көмекті қажет ететін балаларға спонсорлық көмек ұйымдастыру жүргізілетін болсын.

Хатшы: Бейсенбина

Пайдалы ақпараттық ресурстар