25 Желт 2024
Қамқоршылық кеңес

«Ш. Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебі» КММ –нің қамқоршылық кеңесінің ХАТТАМАСЫ №5

«Ш. Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебі» КММ –нің қамқоршылық кеңесінің

ХАТТАМАСЫ № 5

Торғай ауылы 

18.01.2020 жыл

Жиналысқа қатысқаны-  9 адам

Қатыспағаны-0

  1. Ибраев Асылбек - кәсіпкер
  2. Құлмағанбетова Ақмарал- ата-ана
  3. Ахметбеков Байбатыр – аудандық ақпараттық тілші
  4. Аманкельдина Эльмира – мұғалім
  5. Темирова Жанат- аудандық білім беру кабинетінің меңгерушісі
  6. Құлжанов Жасқыран- аудандық әкімшілігінде бас маман
  7. Нұрмағанбетов Талғат –ата-ана
  8. Әлімжан М- аудандық ішкі істер бөлімі
  9. Омарова Жаңагүл- селолық әкімшілікте маман

Күн тәртібіндегі мәселелер:

  1. Мектептегі құрылған  қамқоршылық  кеңесінің  жүргізілген жұмыстарының есебі туралы  білдірме
  2. «Мейірімділік жүректен» мектепішілік акция қортындысы

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тыңдалды:

Құлжанов Жасқыран - қамқоршылық кеңестің  төрағасы :

Оқу жылының басынын құрылған қомқоршылық кеңестің осы уақытқа дейін жүргізілген жұмыстары туралы  айтатын  болсам қомқоршылық кеңес құрамының төрт рет отырысы өткізілді. Мектеп бойынша әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларын  ыстық тамақпен қамтамасыз етуге тізім жасалынды. Мектеп оқушыларының  жеке кәсіпкер ата-аналарына хат таратылды.Сонымен қатар алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар ,аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға қолымыздан келгенше көмек ұйымдастыру туралы айтылды.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша жеке кәсіпкер ата –аналарға таратылған «Мейірімділік жүректен»акциясына байланысты таратылған хаттар негізінде осы мектебіміздің ұстазы Қабден Айгерім   5 сынып оқушысы  Байгенжина Аружанға  10 мың тенге көлемінде киім кешекпен,оқу құралдарына көмек көрсетіп отыр /етік, жылы күрте және оқу құралдары/ Осы акцияға мектебіміздің ата-анасы Біржікенов Ернұр   20 мың тенге көлемінде қаржылай көмек көрсетіп аз қамтылған отбасы балаларына жаңа жылдық тәтті сыйлықтар таратты

Сөз сөйлеушілер:

Құлмағанбетова А.С-ата-ана, қамқоршылық кеңесінің мүшесі:

Біз осы мектептін құрылған қомқоршылық кеңесінің мүшелері  өз қолымыздан келгенше көмектесеміз. Бүгінгі отырыста  мектептің ұстазы Айгерім апайға, және де мектептің ата-анасы Біржікенов Ернұрға бәріміздің атымыздан алғыс айтамыз. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына алдағы уақытта да көмегімізді жасай береміз.

Темирова Ж.К-аудандық білім беру кабинетінің меңгерушісі, қамқоршылық кеңесінің мүшесі:

Бүгінгі  кеңес отырысында мектеп әкімшілігімен біріге отырып жұмыс жасасақ жақсы нәтижеге жетеріміз анық. Осындай хаттарды алдағы уақыттада таратып мектептің жалпы ата-аналар жиналысында бастама көтерсек жұмысымызды ауқымды жүргізуге мүмикіндік болады деп ойлаймын. Мектеп мұғалім мен ата-анасына осы көрсетіп отырған көмегіне кеңес мүшелерінің атынан  рахмет айтамыз.

Қаулы етеді:

  1. Мектепің қамқоршылық кеңесінің осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстары қанағаттандырылсын.
  2. Қамқоршылық кеңесі мүшелері алдағы уақытта өткізілетін іс-шараларға белсене ат салыссын.

«Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебі» КММ жанынан құрылған

қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Ж. Құлжанов

Хатшы: Э. Аманкельдина

Пайдалы ақпараттық ресурстар