25 Желт 2024
Қамқоршылық кеңес

«Ш. Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебі» КММ –нің қамқоршылық кеңесінің ХАТТАМАСЫ №4

«Ш. Уәлиханов атындағы Торғай орта мектебі» КММ –нің қамқоршылық кеңесінің

ХАТТАМАСЫ № 4

Торғай ауылы

20.01.2020 жыл

Жиналысқа қатысқаны-  9 адам

Қатыспағаны-0

  1. Ибраев Асылбек - кәсіпкер
  2. Құлмағанбетова Ақмарал- ата-ана
  3. Ахметбеков Байбатыр – аудандық ақпараттық тілші
  4. Аманкельдина Эльмира – мұғалім
  5. Темирова Жанат- Аудандық білім бөлімі әдіскер
  6. Құлжанов Жасқыран- аудандық әкімшілігінде бас маман
  7. Нұрмағанбетов Талғат –ата-ана
  8. Әлімжан М- аудандық ішкі істер бөлімі
  9. Омарова Жаңагүл- селолық әкімшілікте маман

Күн тәртібіндегі мәселелер:

  1. Мектебімізге  ата-аналардың  көмегі.
  2. Қамқоршылық кеңесінің жүргізген бақылауының қорытындысы;

Тыңдалды:
Қамқоршылық кеңестің төрағасы  Құлжанов Жасқыран.  Осы уақыт аралығында мектептің буфетінен азқамтылған отбасының оқушысы тегін тамақтанатындығын, тамақ тізбесі қадағаланып отырылатындығын бірнеше рет бақыладық және мектептің  жылу жүйесінің уақтылы жақсы норма талаптарына сай жұмыс істеп тұрғандығы туралы  айтып өтуге болады.Бүгінгі отырыста негізгі айтып өтпек мәселе Жаңа жылдық мерекеге орай мектеп оқушыларын қуанту мақсатында Райсов Еркебулан, Сәбитұлы Талғат,  Мухамедияров Сембіғұл атты ата-аналар қауымы 37000 мың теңге қаржылай көмек көрсетті. Бұл жиналған қаржыға мектепке үлкен шырша алдыртты. Сонымен қатар жеке кәсіпкер Ибраев Асылбек өз атынан мектепке 1 шырша табыстады. Әрине бұл мектеп оқушылары үшін өте жақсы игі іс.

Сөз сөйлеушілер.

Омарова Жанагүл: Мен осы кеңеске мүше болғалы 4 рет отырысқа қатынастым. Қомқоршылық кеңестің мүшелері мектеппен байланысымыз бар .Алдағы уақытта жұмыс ауқымын бұдан да кеңейтуге қолымнан келгенше көмектесемін. Бүгінгі ата-аналар қауымына алғысымды айтқым келеді. Алдағы уақытта тағы да біршама жұмыстар атқарамыз деген ойдамын.

Ахметбеков Байбатыр: Мен ақпарат көздерінен оқып отырамын осындай қомқоршылық кеңестер  барлық жерде құрылған. Біз қолымыздан келгенше бір қалам мен дәптер алып берсекте олда көмектің бір түрі деп айтқым келеді. Алдағы уақытта мектепке қажетті тұтынатын заттарын алып беру ұйымдастырылып отыр

Қаулы қабылдады:

  1. Мектепке тағы да қажетті тұтынатын заттарын қадағалап отыруды тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына тапсырамын
  2. Мектептегі аз қамтылған отбасыларға қолдау көмек көрсетуді оларды бақылап отыруды мектептегі әлеуметтік педагогқа тапсырамын.

«Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» КММ жанынан құрылған

қомқоршылық кеңестің төрағасы: Құлжанов .Ж

Хатшы: Амангельдина Э

Пайдалы ақпараттық ресурстар