Ш.Уалиханов атындағы Торғай орта мектебі»КММ-нің қамқоршылық кеңесінің
ХАТТАМАСЫ №3
Торғай ауылы
20.12.2019
Жиналысқа қатысқаны-9 адам
Қатыспағаны -0
- Ибраев Асылбек - кәсіпкер
- Құлмағанбетова Ақмарал- ата-ана
- Ахметбеков Байбатыр – аудандық ақпараттық тілші
- Аманкельдина Эльмира – мұғалім
- Темирова Жанат- Аудандық білім бөлімі әдіскер
- Құлжанов Жасқыран- аудандық әкімшілігінде бас маман
- Нұрмағанбетов Талғат –ата-ана
- Әлімжан Мұратбек - аудандық ішкі істер бөлімі
- Омарова Жаңагүл- селолық әкімшілікте маман
Күн тәртібіндегі мәселелер:
- Қамқоршылық кеңестің жаңа оқу жылына байланысты түсіндіру жұмыстары
- Әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға ұстаздар ұжымының көмегі
- Кезектегі істер
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сөз сөйлеушілер
Қамқоршылық кеңестің төрағасы Құлжанов Жасқыран 1 мәселе бойынша биылғы оқу жылында қамқоршылық кеңестің құрамына өзгерістер енгіземіз бе әлде осы құрамда жұмыс оқу жылында да жалғаса ма сіздердің пікірлеріңізді тыңдасақ деген ойдамын.
Мектептегі әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға көмектесуге ұстаздар атынан ұсыныс түскендіктен бүгінгі жиынға бас қосып отырмыз. Мектепте аз қамтылған оқушылар саны әлеуметтік педагогпен келісе отырып сынып ішінде оқушылардан көмек қажет ететіндер тізімін жасадық. Осы оқушыларға арнап мектептің жас ұстаздары концерттік бағдарлама дайындап өз өнерлерін көрсетті. Осы аталған іс шараларға қатынасқан барлық ұстаздарға және келіп бөліскен ата-аналарға рахмет айтамыз. Ұстаздар 20 оқушыға мектеп сөмкесін \55 мың\ , \дәптер-100 дана\, \2500мың\ көлемінде заттай көмек берілді. Бұл орайда ұстаздардың демеушілік жасаумен жинақталғандығын айтты.
Омарова Жанагүл. Мен Жасқыран Құлжановтың бірінші мәселеге байланысты айтқан пікіріне қосарым қамқоршылық кеңестің құрамы осы тізім бойынша жұмысын жалғастыра берсе деген пікірдемін. Екінші мәселе мен осы мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшесі ретінде осы іс-шараға қатнастым. Осы мектепте әрі өзімнің балаларым оқиды. Оқушылар арасында қамқорлық шарасын ұйымдастырып отырған ұстаздар ұжымына алғыс айтамыз. Олардың осы беріп отырған көмектері азғантай болса да игілікті іс деп санаймын. Алдағы уақытта осы іс жалғасын тауып жүргізіле береді деген сенімдемін.
Әлімжан Мұратбек: Жангелдин аудандық ішкі істер бөлімі жасөспірімдер инспекторыҚамқоршылық кеңестің толық мүшелері өткен оқу жылында біршама жоспарға сай жұмыстар атқарды бәрі жақсы деген баға беремін. Бүгінгі өткізіліп отырған іс-шара өте жақсы. Осындай игі іс-шаралар өз жалғасын таба берсін дегім келеді. Мен үнемі мектеппен тығыз байланыста боламын. Атқарылып жатқан жұмыстарға өз тарапымнан алғыс айтамын. Оқушыларға ұстаздар ұйымдастырған акция өте жақсы өтті. Мұғалімдер берген оқу құралдары мен тәттілерге ата-аналарда өз рахметтерін айтып жатқанының куәсі болдық.
Темрова Жанат: Қамқоршылық кеңестің мүшесі, аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеттің меңгерушісі: Мен бұл мектепте директорлық қызметте жүрген уақытымда осы қамқоршылық кеңесі құрылған болатын. 2017 жылы жаңа құрам бекітілді. Жұмыстар жүргізіліп отырды. Жоспар бойынша жүргізіп отырды. Осы құрам алдада жұмыс жүргізеді деген сенімдемін. Сол уақытта да аудан орталығындағы кәсіпкерлермен кездесіп олардың арасында демеушілік жасаған адамдар да болған. Міне сол жасалған жұмыстар әрі қарай жалғасып жатыр. Мектеп ұстаздарына үлкен размет алғыс айтамз, ұстаздарға алғыс айта отырып алдағы уақытта да аз қамтылған жанұя балаларына қолымыздан келгенше көрсете береміз деген сенімдемін.
Қаулы қабылданды:
- 1.Мектептегі аз қамтылған жанұя балаларына ұстаздар тарапынан жасалған көмек өте жақсы ұйымдастырғанын атап отырып алдағы уақытта жалғасын табады.
- Қамқоршылық кеңестің өткен оқу жылында атқарылған жұмыстары келесі кеңесте хабарлама жасау хатшы Амангелдинаға тапсырылсын.
«Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі» КММ жанынан құрылған
Қамқоршылық кеңестің төрағасы: Құлжанов Ж
Хатшы: Амангельдина Э