25 Желт 2024
Қамқоршылық кеңес

Х А Т Т А М А № 3 «А.Нұрманов атындағы негізгі мектебі» КММ-нің қамқоршылық кеңес отырысы

Х А Т Т А М А  № 3

«А.Нұрманов атындағы негізгі мектебі» КММ-нің қамқоршылық кеңес отырысы.

2019 жылдың 17 желтоқсан күні өтті.

Барлығы: 9 адам

Қатысқаны: 9 адам

К ү н    т ә р т і б і н д е:

  1. Қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмысының есебі

Т ы ң д а л д ы:

Қамқоршылық кеңес төрайымы С.Т.Шаймағанбетова өз білдірмесінде: «2019 жылдың 25 қазанында мектепте  «Алтын күз» жәрмеңкесі өткізіліп, жәрмеңкеден түскен қаражатқа аз қамтылған, көп балалы, қорғаншылықтағы жанұя балаларына көмек көрсетілді. Жүрегі мейірімге толы, жүзі қуанышқа толы жандарымыз көп болсын деген тілекпен, мереке соңында сөз кезегін ата-аналар комитетінің төрайымы Мырзағалиева Оралбике оқушыларға сыйлықтар беріп марапаттады. 

Мектепте ата-аналар мен сынып жетекшілер кеңесін өткізіп, мектеп психологы «Отбасым-мақтанышым» тренинг өткізіп,  «Бала тәрбиесіндегі ата-ана» тақырыбында  сауалнама жүргізді..

«Жаңа 2020 жыл» мерекесіне мектепте ата-ана қамқорлығынан айырылған, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында аудан әкімінің шырша мерекесіне бір оқушы қатыстырылды.

Қамқоршылық кеңесі отырысының шешімі:
1. «Қамқоршылық кеңесі» жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.

Кеңес төрайымы:    С.Т.Шаймағанбетова

Хатшы:                       Ж.Досмағанбетова

Пайдалы ақпараттық ресурстар