Хаттама №4
«Жангелдин ауданының білім беру бөлімі, Ғ.Қайырбеков атындғы орта мектебі» КММ қамқоршылық кеңесінің отырысы
Өтілген уақыты: 12.12.2019.
Өтілген орны:қазақ тілі кабинеті
Мәжілістің басталуы: 15.00
Мәжілістің аяқталуы: 16.10
Мәжіліс төрайымы:Мұқаш.М
Қатысушылар: Қамқоршылық кеңес құрамы-9
Қатыспағандар: жоқ
Шақырылғандар:___9___
Күн тәртібінде:
- 2019-2020 оқу жылының негізгі қорытындылары
- «Мектепке жол акциясы» туралы
- Тәуелсіздік күні мен жаңа жылға дайындықтың ұйымдастырылуы туралы.
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Мұқаш Мирамкүл төрайымдық етуімен
2019-2020оқу жылындағы қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Ол өз сөзінде 2019-2020 оқу жылында Қамқоршылық кеңесінің құрамында 9 адам жұмыс жасағандығы жөнінде, мектептің әр түрлі ішкі және сыртқы қоғамдық жұмыстарына да әрқашан араласып, мектеп ұжымымен тығыз байланыста болғандығы туралы айтып өтті. Сонымен қатар «Мектепке жол» акциясы барысында аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды жаңа оқу жылына дайындауда өз көмектерін көрсеткендігі туралы да тоқталып өтті. Дәстүрлі түрде өткізілетін мектепішілік іс - шараларға кеңестің қосатын үлесі зор. Оқушыларға берілетін буфеттік тегін тамақтың дұрыс ұйымдастырылуын да қамтамасыз етіп отырғандығы жөнінде айтты. Қамқоршы күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға қамқоршы ата-аналарды арнайы түрде шақырылды. Қамқоршылар кеңесінің мүшелері, ұстаздар ұжымы, оқушыларымыз ізгі тілектерін білдіріп, мерекемен құттықтағаны туралы да айтып өтті.
3- мәселе бойынша директордың тәрбие ісі орынбасары Г. Карпыкова желтоқсан айында мектепке біршама іс-шаралар ұйымдастырылады. Ата-аналар тарапынан да Тәуелсіздік күніне және Жаңа жылға ат салысуды өтініп отырмыз.
кезекті отырысында 2019-2020 оқу жылының мақсат-міндеттерін қойып, жоспарларын айқындап, қамқоршылық кеңесінің төрайымы кеңес мүшелеріне және мектеп директорына ынтымақтастыққа жұмыс жасап жатқандықтарына, балаларға көрсетіліп жатқан қамқорлықтары үшін ризашылығын білдірді.
Шешім:
- Белгіленген жоспар бойынша жұмыстарды әрі қарай жалғастыру, қамқоршылар кеңесінің жұмысықанағаттанарлық деп саналсын.
- Жаңа жылға арналған шыршаға кезекшілік ұйымдастыру, жоғары деңгейде өтуін ұйымдастыру.
Қамқоршылық кеңес төрайымы: Мұқаш М.М
Хатшы: Айсағалиева Н.Қ