Х А Т Т А М А № 4
Жангелдин орта мектебінде Қамқоршылық кеңес отырысы 2019 жылдың 21 желтоқсан күні өтті.
Барлығы: 9 адам
Қатысқаны: 9 адам
К ү н т ә р т і б і н д е:
- Қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмысының есебі
Т ы ң д а л д ы:
Қамқоршылық кеңес төрайымы Д.Жалкенова өз білдірмесінде: «2019 жылдың 25 қазанында мектепте «Күзгі сый» жәрмеңкесі өткізіліп, жәрмеңкеден түскен қаражатқа аз қамтылған, көп балалы, қорғаншылықтағы жанұя балаларына көмек көрсетілді»
«Бақытты балалық шақ» атты оқушылардың жеке фотогалереясы өтті. «Мейірімі мол жандар» атты әдеби – сазды өткізілді. Бағдарлама барысында ән, би, мәнерлеп оқудан мектеп оқушыларының өнерлерін тамашалады. Жүрегі мейірімге толы, жүзі қуанышқа толы жандарымыз көп болсын деген тілекпен, мереке соңында сөз кезегін ата-аналар комитетінің төрайымы Елеубаева Анар оқушыларға сыйлықтар беріп марапаттады.
Мектепте белсенді ата-аналар мен сынып жетекшілер кеңесін өткізіп, мектеп психологы «Отбасым-бақытым» тренинг өткізіп, «Бала тәрбиесіндегі ата-ана» тақырыбында сауалнама алынды.
Сонымен қатар жеке кәсіпкер Сейтқұлов Саян мектебімізге 200 мың теңге көлемінде ішкі дәретханаға су құбырын тартып берді.
«Жаңа 2020 жыл» мерекесі қарсаңында орта мектебінде ата-ана қамқорлығынан айырылған, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында аудан әкімінің шырша мерекесіне Д.Әлімжан өз көлігімен тегін апарып-алып келуді ұйымдастырды.
Қамқоршылық кеңесі отырысының шешімі:
1.«Қамқоршылық кеңесі» жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.
2.Демеушілерге қатынас хаттар таратылып, жұмыс
күшейтілсін.
Кеңес төрайымы: Д.Жалкенова
Хатшы: Д.Әлімжан