А.Байтұрсынов орта мектебінің қамқоршылық кеңесі,
жиналысы отырысының хаттамасы №2
Қатысқаны:
- 1.2019-2020 оқу жылындағы.Қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспарындағы атқарылған жұмыстар туралы есебі.
- А.Байтұрсынұлы ауылдық округінің учаскелік полициясы мектеп оқушыларын кешкі уақытта журулерін қадағалау.
- 3.Әр түрлі сұрақтар.
Сөйледі:1сұрақ бойынша Қ.М Сапенов-мектеп директоры:
Біздің еліміздегі ірі өзгерістер, қоғамдағы болып жатқан жаңалықтар мектептерде өз көрінісін тауып келеді. Тұғырығы биік еліміздің саналы ұрпағы мен жарқын болашағы ертеңінің бүгінгіден де жарқын болуы-рухы асқақ,еңсесі биік,білімді де білікті ұрпақ қолында екенін айта кетті.адам бойындағы парасаттылық,адалдық,ізгілікті қалыптастыратын ұлтты тәрбиелеудің кепілі-мектеп екенін тілге иек етті.Осындай білім ошағының бірі-А.Байтұрсынұлы ауылында орналасқан А. Байтұрсынов атындағы орта мектебі.
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытылған сыныптарда критериалды бағалау жүйесі арқылы білім сапасын арттыру және мектеп бітірушілердің білімін болашақта халыққаралық сәйкестендіру-бұл мектептегі мұғалімінің әрбірінің басты міндеттері.
Мектебіміздің ұстаздары мен қызметкерлері мектептегі қосымша қоғамдық жұмыстар мен мектебімізде өтіп жатқан түрлі іс-шараларға да белсенділік танытып келеді.
Сондай-ақ мектепте атқарған жұмыстарға толық талдау жасай отырып,мәселелерге тоқталып өтті.мектептің материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында оқу кабинеттерінің жаңа форматтағы бұрыштар мен стендттерді,едені мен оқу парталары,орындықтары жөндеуден өткенін және жазғы демалыс кезінде спорт залды күрделі жөндеуден өткенін және жазғы демалыс кезінде спорт залды күрделі жөндеуден өткізетінін айтып өтті.Сонымен қатар оқу кабинеттерін жаңа дидактикалық жабдықтармын жаңа кампьютермен жабдықтау жолдарын қарастырып қамтамасыз етіп жұмыс жасағанын айтып өтті.
Мектеп әкімшілігі мектептің жұмысын дамытуда дұрыс жоспарлар жасап,ұжымды ортақ мақсатқа тоғыстыра білсе жетістікке жеткендігін,ұстаздардың өздерінің алдында үлкен міндедеттер тұрғанын жауапкершілікпен сезініп,оқу-тәрбие процесінде қазірге талапқа сай жоғары нәтижеге жету жолында ізденіспен еңбек етіп жатқандығын айтты.
2018-20192.сөйледі:Қ.М Махина –қамқоршылық кеңес төрағасы.
Мектеп башысының есебін байланысты қандай сұрақтар бар екендігін сұрады.
А. Байтұрсынов ауылдық округіні оқу жылында мектеп бітіруші түлектердің өздері білім алған оқу ошағына 1968 жылғылар кілем 80000 тенге көлемінде сыйға тартса, «Жангелдин аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ ақшалай көмек 11.000 теңге,Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ауданның тілдерді дамыту орталығы» ақшалай көмек 10.000 теңге .Осындай жақсы жаңалықтар болды.Алдағы уақытта да демеушілеріміз табылады деген ойдамыз.
Сөйледі: Капаров А.
А.Байтұрсынов ауылдық округінің учаскелік инспекторы Қапаров Алмат сөз салды. Байтұрсын ауылында сәтсіз отбасы жоқ екенін айтты.Кешкі уақытта оқушылардың жүрулерін қадағалау жұмыстары жүргізіліп келе жатқанын,осы уақытқа дейін көзге түспеген оқушылар себепсіз сабақ босатпағанын әлі де бақылауда ұстайтынын айтып өтті.
Шешім:
Мектеп мұғалімдері мен Окрук учаскелік инспекторы және ата-аналар комитетінің мүшелері бірігіп бір айда бір рет, кешкі уақытта рейд жүргізіп отырсын.Әсіресе,мерекелер күндері және сенбі, жексенбі күндері.Ата-аналарға ескертіліп оқушылардың бос уақыттарын алдағы уақытта бақылау керектігі және сонымен қатар алдағы уақытта да кешкі,түнгі уақытта бос қараусыз жүрген оқушылар кездесе назардан тыс қалмауын бақылап,мектеп өміріне тығыз араласуын тапсырды.
Қамқоршылық кеңес төреғасы: Махин Қ.Қ
Қамқоршылық кеңес орынбасары: Кадирханова Г.А
Қамқоршылық кеңестің мүшесі: Нурмуханова Р.Н
Мырзахметов Э.М
Хабибуллина Р.М
Қапаров А.С
Жүсіпбеков Қ.Қ
Балпина Т.С
Досымбаева К.С
Қамқоршылық кеңесінің хатшысы: Батырбекова Г.Б