«Аманкелді атындағы орта мектебі» КММ
Қамқоршылық кеңесінің отырысы
Хаттама № 4
Өткен уақыты: 25.10.2019 жыл
Қатысқандар: мектеп әкімшілігі: Жақсылықов Нұрболат Жақсылықұлы / «Аманкелді атындағы орта мектебі» КММ – нің директоры/; Кабжанова Алуа Казымбековна / директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары/; Қабиева Назерке Таңатқанқызы /мектептің әлеуметтік педагогы/қамқоршылық кеңесінің мүшелері – 10 адам
Қатыспағаны: жоқ
Күн тәртібінде:
- Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектепте білім - тәрбие берудің қорытынды нәтижелері. 2018-2019 оқу жылының ІІ жартыжылдың есебі..
/«Аманкелді атындағы орта мектебі» КММ – нің директоры: Жақсылықов Нұрболат Жақсылықұлы./
- 2018-2019 оқу жылындағы ІІ жартыжылдың қамқоршылық кеңесінің төрайымының есебі.
/ Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Бекмагамбет Жаңыл Ғалымжанқызы./
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Жақсылықов Нұрболат Жақсылықұлы 2018-2019 оқу жылындағы мектептің білім - тәрбие берудің қорытынды нәтижелерімен таныстырды. Сонымен қатар жаңа оқу жылының мақсат – міндеттерімен таныстырды. Жеке тұлға қалыптастыру, оқу сапасы мен оқу үлгерімі жөнінде әңгімеледі. Оқу жылы барысында мектептің ішкі -сыртқы ағымдағы мәселелері төңірегінде әңгімеледі. Оқушылардың оқу сапасындағы жетістігіне жету үшін мұғалімдердің сапалық деңгейдегі жұмыс жүргізіп келетіні туралы, мектептің алға қойған мақсат міндеттерінің орындалуы және қадағалау жөнінде толық ақпарат берілді. Мектептің күнделікті қызметімен таныстырып өтті (жайы, қауіпсіз жағдай жасау, оқу-тәрбие процессін ұйымдастыру тәртібі, тамақтану, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру, дамыту іс-шаралары туралы). Мектепті дамытудың басым бағыттарымен таныстырып өтті. Жалпы мектепте 81 оқушы оқуда,оқуға қамтылмай қалған ешбір оқушы жоқ.
Шешім:
Бірінші мәселе бойынша: мектеп директоры Жақсылықов Н.Ж. берілген есебі қабылдансын, берілген ақпаратына назар аударылсын.
Тыңдалды:
Екінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрайымы Бекмагамбет Жаңыл Ғалымжанқызы сөз алды. Өз сөзінде 2018-2019 оқу жылының ІІ жартыжылында ата-аналар қоғамдастығы 2 қамқорлық акция өткізді. Жиналған қаражат әлеуметтік қорғаудағы отбасындағы балаларға көмек ретінде киім, кеңсе тауарлармен қамтамасыз етуге жұмсалды. Аз қамтылған және көп балалары отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа 2019 – 2020 оқу жылында әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жыл сайынғы республикалық акциясы өткізілді .Акция аясында 10 оқушыға көмек көрсетілді.
Шешім:
Екінші мәселе бойынша: «Мектепке жол» акция барысында әлеуметтік көмектің көрсетілу жүйелініп, әрі қарай жалғастырылсын. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері тарапынан акцияларға жеке кәсіпкерлердің тартылуы қарастырылсын. 2019-2020 оқу жылында қамқорлық талап ететін оқушыларға, отбасыларға шама келгенше көмек көрсету. Ол үшін қамқорлық акцияларды жылына 4 рет ұйымдастырылсын.
Қамқоршылық кеңестің мүшелері:
1.Бекмағамбет Ж.Ғ. – қамқоршылық кеңестің төрайымы;
- Қабиева Н.Т. – қамқоршылық кеңестің хатшысы;
3.Мырзагалиева – қамқоршылық кеңестің мүшесі
- Ибраев А.Б. - қамқоршылық кеңестің мүшесі
- Шахмарданова Б.К. - қамқоршылық кеңестің мүшесі
- Шынғысов Қ.Қ. - қамқоршылық кеңестің мүшесі
- Қайыров Т.Ғ. - қамқоршылық кеңестің мүшесі
- Сапарова А.Н. - қамқоршылық кеңестің мүшесі
- Алпысбаев М.А. - қамқоршылық кеңестің мүшесі
- Аяпбергенов С.Т. - қамқоршылық кеңестің мүшесі
Қамқоршылық кеңестің төрайымы: Бекмағамбет Ж.Ғ.
Хатшы: Қабиева Н.Т.