25 Желт 2024
Қамқоршылық кеңес

«Албарбөгет орта мектебі»КММ-сі. Қамқоршылық кеңес отырысының Хаттамасы №1

«Албарбөгет орта мектебі»КММ-сі.

Қамқоршылық кеңес отырысының

Хаттамасы №1

Өткізілген орыны:  мектеп директорының кабинеті

Өткізілу күні: 13.01.2020 жыл.

Күн тәртібінде:

  1. Қамқоршылық кеңесінің жұмысының жылдық қорытынды есебі. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің 2020 жылғы жұмыс жоспары мен таныстырып бекіту. 2. «Қамқоршылық кеңестің» ережесімен, мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру. 

Тыңдалды:

Алғашқы сөзді  мектеп директоры  Қ.Ғ. Иманбаев жиналысты ашық деп жариялап күн тәртібімен және Жангелдин аудандық білім беру бөлімінен 25 желтоқсан 2019 жылы келген  №189 санды қатынас қағазында көрсетілген бұзылған ережелерді жою керектігін қамқоршылық кеңес құрамының өзгерістерімен таныстырды.  Қамқоршылық кеңес төрағалығынан Торбаев Аманжол Қуанышбекұлы алынып, қамқоршылық кеңес төрайымы жеке кәсіпкер Аймағанбетова Жұлдызай Жәлелқызы тағайындалғандығын айтты. Қамқоршылықы кеңес хатшысы Оңжанова Сәбила Шағипқызы алынып, орнынына мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Есмағамбетов Жұман Мұхамедиярұлы тағайындалғандығын және мүшелері  әлеуметтік педагог Қабажаева Анар Ахатқызы, медбике  Оңжанова Сәбила Шағипқызы, жеке кәсіпкер  Смайыл Бүтінбай Қазымжанұлы, ата-ана  Әбдірашева Жадыра, ата-ана  Әбеуова Гүлнұр Зиятденқызы, ата-ана Әлімбаева Гүлбаршын Алпысқызы, ата аналар комитетінің төрайымы  Есмағанбетова Шаттыгүл Мұхамедиярқызы екендігін таныстырып өтті.

Келесі сөзді  бірінші сұрақ бойынша қамқоршылық кеңесінің  төрағасы Торбаев Аманжол Қуанышбекұлы сөз алып, жиналысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017жылғы 29 тамызда №15584 болып тіркеген хатын, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9 тармағын,  Жангелдин ауданының «Білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы №5-Н бұйырығын басшылыққа ала отырып «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың туралы» ережесімен таныстырып, 2019 жылы жүргізілген жұмыстары жөнінде қорытынды білдірме жасады.

Келесі сөзді жаңа тағайындалған кеңес төрайымы жеке кәсіпкер Аймағамбетова  Жұлдызай Жәлелқызы алып 2020 жылға жасалған жұмыс жоспарымен таныстырып   бекітуді ұсынды.

Келесі кезекте сөзді мектептің әлеуметтік педагогы Қабажаева Анар сөз алып, қамқоршылық кеңесінің жұмысы туралы толық ақпарат берді. Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестік, бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы арту мақсатында құрылатындығын айта келіп, міндеттеріне тоқталды. 
А) Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.

Ә) Жалпы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көбейту. 

Б) Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.

В) Мектеп ұжымы жұртшылықпен тиімді қарым-қатынасы үшін жағдай жасау.                          

Г) Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар аз қамтылған, ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларды қолдау мақсатында әлеуетін күшейту.

Ғ) Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру.

Д) Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау. Мектеп директоры қамқоршылық кеңестің қосымша бюджеттен тыс қаржыларды тарту және жұмсау түрлері мен тәртібіне, Қамқоршылық кеңесінің құқықтары мен міндеттеріне, оның қағидаларына, сонымен қатар кеңестің құрамына тоқталып өтті. Қамқоршылық кеңес құрамына кімдер ену керектігіне, олардың функционалдық міндеттеріне тоқталып өтті.

Шешім: 
1. 1 мәселе бойынша қамқоршылық кеңесі төрағасының білдірмесін бір ауыздан  қанағаттанарлық деп қабылдап, жаңа құрам мүшелері тағынжадып, алдағы жылда атқарылатын жұмыс жоспары бекітілсін.

  1. Жетім, жартылай жетім, жағдайы төмен, ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға бірінші кезекте көмек беру ұйғарылды.

Шешті:

Қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспарын қабылданып бекітілді.

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Аймағамбетов Жұлдызай Жәлелқызы

Қамқоршылық кеңесінің хатшысы: Есмағамбетов Жұман Мұхамедиярұлы

Пайдалы ақпараттық ресурстар