ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді «Мектепке жол» дәстүрлі қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз!
Акция жаңа оқу жылы басындағы дайындықта аз қамтылған, көп балалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, күн көріс деңгейі төмен отбасыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуін алдын алу үшін көмек көрсетуге бағытталған.
Акцияның ең басты мақсаты – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сонымен қатар аз қамтылған және көп балалы отбасыларына, күн көріс деңгейі төмен отбасыларға нақты атаулы көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келеуінің алдын алу. Бұл игілікті шараға жеке кәсіпкерлер мен бизнес саласындағы азаматтарды, депутаттар мен мекеме, кәсіпорын басшыларын, мемлекеттік қызметкерлерді, саяси партияның және үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерін бір кісідей ат салысып, қайырымдылық жасауға шақырамыз.
Сіздің игілікті ісіңіз нақты бір балаға көмек болатынына, оның бойына мейірімділік пен қайырымдылық үмітін орнататына сенімдіміз. Сенім телефоны 21-5-77.
Қостанай облысы әкімдігі
білім басқармасының
«Жангелдин ауданының
білім бөлімі» ММ-нің бас маманы Б.Ш.Сейдахметова