11 Сәу 2025
Хабарландыру

Аманат

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлы азаматтарды жеке қабылдау өткізеді

Азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлы «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдайды.

Азаматтар білім бөлімінің басшысына мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби, инклюзиялық білім беру мәселелері бойынша сұрақтарын қоюға болады.

Қабылдауда шағын жинақты ауылдық мектептердің жұмыс жасауы, мүгедек балалардың білім алуын қамтамасыз ету, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырыстар орналастыру, мектептегі тамақтандырудың сапасына және 1-сыныпқа қабылдау, Жалпыға оқу бірдей қорынан әлеуметтік осал топтағы тәрбиеленушілеріне бір жолдық материалдық көмек көрсету бойынша, басқа да бірқатар мәселелерге қатысты болды. Сонымен қатар кейбір азаматтардың білім беру ұйымдарындағы еңбек даулары, жетім балаларды қамқорлыққа алу жөніндегі жеке мәселелері бойынша өтініштері де қарайды.

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлы барлық өтініштер мен ұсыныстарды тыңдайды.

2025 жылдың 15 сәуір күні сағат 15.00 де Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қасым Абай Қасымұлы жеке қабылдау өткізеді. Қабылдаулар «AMANAT» партиясы Торғай ауылы Қ.Алтынсары көшесі, 40 үй мекен-жайында орналасқан арнайы Азаматтарды қабылдау орталығында өткізіледі.

Азаматтарды қабылдау кестесі Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемесі ресми-сайтында қолжетімді.

Пайдалы ақпараттық ресурстар