28 Ақп 2025
Хабарландыру

Хабарландыру 1 - сыныпқа қабылдау

Хабарландыру!

Ата - аналар үшін!

2025 - 2026 оқу жылында 1 сыныпқа қабылдау туралы.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын баланың ата - аналарынна немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірі мен 31 тамызы аралығында жүзеге асырылатынын хабарлайды.

1 - сыныпқа оқуға алты жастан бастап балалар қабылданады
«1 сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша ұйымдастырылады.

Құжаттарды қабылдау «электрондық үкімет» веб порталы арқылы, сондай - ақ «SAKURA: электрондық мектеп» электрондық порталы арқылы жүзеге асырылады.

Портал арқылы өтінім беру үшін келесі құжаттар пакеті қажет:
1) ата - аналардың немесе басқа заңды өкілдердің - қосымшасының 
нысанына сәйкес өтініші; 
2) жеке басын растайтын құжаттың тұпнұсқасы (тұпнұсқасы 
сәйкестендіру үшін қажет);
3) «Профилактикалық екпелер картасы» № 065/у нысанды және («Бала денсаулығының паспорты» №052 - 2/у нысанды медициналық анықтамалар; 
4) Баланың 3х4 см өлшеміндегі 2 дана фотосуреті.

Пайдалы ақпараттық ресурстар