Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді «Мектепке жол» дәстүрлі қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз!
Акция жаңа оқу жылы басындағы дайындықта аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін көмек көрсетуге бағытталған.
Акцияның ең басты мақсаты – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сонымен қатар аз қамтылған және көп балалы отбасыларына нақты атаулы көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу. Бұл игілікті шараға жеке кәсіпкерлер мен бизнес саласындағы азаматтарды, депутаттар мен мекеме, кәсіпорын басшыларын, мемлекеттік қызметкерлерді, саяси партияның және үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерін бір кісідей ат салысып, қайырымдылық жасауға шақырамыз.
Сіздің игілікті ісіңіз нақты бір балаға көмек болатынына, оның бойына мейірімділік пен қайырымдылық үмітін орнататына сенімдіміз.