Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 25 ақпандағы №108 бұйрығына сәйкес, 26.02.2025 жылы сағат 10.00 - де Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданының білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебі" КММ - нің базасында әдістелемік кеңес өтті.
Кеңесте ағымдағы мәселелердің бірі, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау, педагогтерді аттестаттаудан өткізу, тәрбие жұмысы және әдістемелік кабинеттің 2025 жылға арналған жоспарын бекіту қаралды.
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау мәселесі бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданының білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ - нің директорының ғылыми - әдістемелік мәселелер жөніндегі орынбасары А.Серикбаева, педагогтерді аттестаттаудан өткізу мәселелері бойынша Жангелдин ауданы білім бөлімінің әдіскері Н.Ғабдымәлікпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Туындаған сұрақтар ортаға тасталып, шешімдері талқыланды.