«Жангелдин ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кезекті Кеңес отырысы өткізілді. Кеңес отырысында білім саласының өзекті мәселелері қаралды.
Білім бөлімінің басшысы А.Қасым кеңес отырысында білім саласының өзекті мәселелерінің орындалуына, шешілуіне мән берді.
- «1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету, мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастыру;
- 2024-2025 оқу жылында оқушылардың педагогикалық оқылымдардың аудандық, облыстық, республикалық кезеңдерге қатысу мониторингі туралы есебі берілді.
- Білім беру ұйымдарында ыстық тегін тамақтың берілуі туралы;
- «Алтын белгі» жалпы орта білім аттестатына үміткерлер, Ұлттық бірыңғай тестілеуге даярлық туралы;
- Қосымша білім беру ұйымдарының қызметі туралы;
- «Жангелдин ауданы білім бөлімінің Н.Г.Иванов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры А.Р.Рыскельдинның «Білім сапасын арттыру, мектептің контингентін сақтау туралы» есебі тыңдалды.
Кеңес отырысының соңында білім саласында білім беру басқарып отырған 10 нәзік жандарына Білім бөлімінің Алғыс хаттары табысталды.